Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты
Опубликовано:
Қазақстандық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ерлер арасында жылдамдыққа құзға өрмелеуден аралық кезеңде Қазақстан атынан Әмір Маймұратов қатысты.
Әмір Маймұратов А жолағында 4,89 секунд нәтижесін көрсеткен болатын. Осылайша қазақстандық спортшы Олимпиада рекордын жаңартты.
Ал бұған дейінгі Олимпиада рекорды франциялық Мавем Бассаға тиесілі болатын. Ол 2021 жылы Токиода (Жапония) өткен Олимпиада ойындарында жылдамдыққа құзға өрмелеуден 5,45 секундты тіркеген болатын.
Ерлер арасында жылдамдыққа құзға өрмелеу бәсекесінің іріктеу кезеңі бүгін, 6 тамызда сағат 16:35-те өтеді. Ал ширек финал, жартылай финал, финалдық кезеңдер 8 тамызда болады.
UDP: қазақстандық спортшыдан кейін Индонезия өкілі Леонардо Веддрик 4,79 секунд көрсеткішін тіркеп, Олимпиада рекордын жаңартты.
- Париж-2024: балуан Демеу Жадыраев қырғызстандық екі дүркін әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты
- Демеу Жадыраев қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Олимпиаданың ширек финалына өтті
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2145273-amir-maimuratov-olimpiada-rekordyn-zhangartty/