jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: instagram.com/qaz_team_official

    Назым Қызайбай Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындары аясында бокс бәсекесінің жартылай финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесті. Нәтижесінде Назым Қызайбай бұл жекпе-жекте 4:1 есебімен жеңіліс тауып, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

    Қытайлық боксшы Ву Ю Азия ойындарында топ жарған, сондай-ақ әлем чемпионы атанған тәжірибелі боксшы.

    Назым Қызайбай үшін бұл алғашқы Олимпиада. Қазақстандық боксшы бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте алтын алып, бір мәрте қола медаль еншілеген. Сонымен бірге Азия чемпионы атанған.

    Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде украиналық Александр Хижнякпен финалда кездеседі. Жекпе-жек 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні сағат 01:51-де өтеді.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.

    Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.