jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Париж-2024: Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеден қол үзді

    Нұрсұлтан Тұрсынов
    Нұрсұлтан Тұрсынов. Фото: instagram.com/qaz_olympics

    Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасында қола жүлде үшін күреспейтін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нұрсұлтан Тұрсынов Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде мысырлық спортшы Мохаммед Метваллиді мерзімінен бұрын 10:1 есебімен жеңген еді. Бірақ қазақстандық балуан ширек финалда Жан Беленюктен (Украина) жеңіліп қалды. Беленюк финалға өтсе, Тұрсынов жұбаныш белдесуіне қатысу арқылы қола жүлдеге таласа алар еді. Бірақ Украина спортшысы жартылай финалда ирандық Әлиреза Мохмадипианиге есе жіберді.

    Айта кетейік, Нұрсұлтан Тұрсынов 2014 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ құрлықтық біріншіліктің үш дүркін жүлдегері.

    Бүгін, 7 тамызда қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының алтын жүлдесіне таласады. Ол финалда Жапония спортшысы Нао Кусакамен күреседі.

    Париж-2024: Нұрсұлтан Тұрсынов қола жүлдеден қол үзді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.