jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлемнің үздік бес балуанының қатарына кірді

    Дзюдошы Елдос Сметов
    Дзюдошы Елдос Сметов. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада алтынын еншілегеннен кейін рейтингтің жоғары сатысына көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін дзюдошылардың әлемдік рейтингінде Елдос Сметов бірден 17 сатыға көтеріліп, 5-орынға тұрақтаған. Қазақстандық дзюдошының еншісінде 4970 ұпай бар.

    Ал осы салмақ дәрежесіндегі рейтингте Қытайлық Тайбэй елінің дзюдошысы Янг Юнг Вей (6132 ұпай) көш бастап тұрса, екінші орынға франциялық Лука Мхеидзе (6104 ұпай) жайғасқан. Үздік үштікті грузиялық дзюдошы Гиорги Сардалашвили (6057 ұпай) түйіндеп тұр.

    Аталмыш салмақта бақ сынап жүрген басқа қазақстандық дзюдошылардың да рейтингтегі орындары жаңарған. Нұрқанат Серікбаев (3392 ұпай) 2 сатыға жоғарылап, 13-орынға тұрақтаған. Мағжан Шамшадин (2219 ұпай) 3 сатыға төмендеп, 27-орынға жайғасқан.

    Айта кетейік, Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов 60 кг дейінг салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын медаль еншілеген болатын. Финалда ол франциялық спортшы Лука Мхеидземен шеберлік байқасқан болатын.

    Дзюдодан ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтинг
    Дзюдодан ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтинг. Скриншот: ijf.org

    Олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлемнің үздік бес балуанының қатарына кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.