Тарихта алғаш рет қырғыз боксшысы Олимпиаданың финалына шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы Париж Олимпиадасының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
57 кг салмақ дәрежесіндегі бокс додасының жартылай финалында Мұнарбек Сейітбекұлы болгариялық Хавьер Ибаньеспен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жектің нәтижесінде 4:1 есебімен Сейітбекұлы жеңіске жетті.
Осылайша қырғызстандық спортшы тарихи жетістікке жетіп отыр. Бұған дейін оның жерлестері Олимпиаданың финалдық кезеңіне өте алмаған болатын. 2024 жылғы Олимпиадада Қырғызстан құрамасы күрестен бір күміс және үш қола медаль еншіледі.
Сейітбекұлы финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковпен жұдырықтасады. Өзбек боксшысы жартылай финалда аустралиялық Чарли Сениорды жеңген еді.
Бокстан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында 2 медаль иеленді. Әйелдер арасында Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юға есе жіберіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Ал ерлер арасында Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижняктан жеңіліп, күміс жүлдені қанжығалаған еді.
- Парижде Өзбекстанның екі спортшысы бір күнде екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды
- "Төрешілерге шағым түсірдім": Әлия Юсупова шәкіртінің өнері Олимпиадада лайықты бағаланбағанын айтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2146702-tarihta-algash-ret-qyrgyz-boksshysy-olimpiadanyng-finalyna-shyqty/