jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық каноэшілер В финалында үшінші орынға ие болды

    Мария Бровкова мен Руфина Искакова
    Мария Бровкова мен Руфина Искакова. Фото: olympic.kz

    Каноэ есуден Қазақстан құрамасының өкілдері Мария Бровкова мен Руфина Искакова Париж Олимпиадасының жұбаныш финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Мария Бровкова мен Руфина Искакова екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысу сайысының B финалында сынға түсті. Бұл бәсекеде Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған жоқ.

    Қазақстандық дуэт 1:57:58 нәтижесін тіркеп, мәреге үшінші болып келді. Осылайша қазақстандық каноэшілер жарыс жолын 11-орында тәмамдады.

    Кеше, 8 тамызда қазақстандық каноэші Мария Бровкова ширек финалда жекелей сайыста сынға түсіп, жартылай финалға өте алмады.

    Сондай-ақ Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов екі адамдық каноэде еске есуден 500 метрге жарысу сайысының B финалында сынға түсіп, өз тобында мәреге үшінші болып жеткен еді.

    Айта кетейік, бұл Олимпиадада байдарка мен каноэде ескек есуден сынға түскен қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізе алмады.

    Қазақстандық каноэшілер В финалында үшінші орынға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.