jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Париж-2024: қазақстандық велоспортшы өз тобында мәреге бесінші болып жетті

    Қазақстандық велоспортшы Андрей Чугай. Фото
    Қазақстандық велоспортшы Андрей Чугай. Фото: Kevin Voigt/GettyImages

    Қазақстандық велоспортшы Андрей Чугай Париж Олимпиадасында тректегі велоспорттан кейрин бағдарламасы бойынша іріктеу кезеңінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Андрей Чугай өз тобында бесінші орын алды. Ал әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы ширек финалға тікелей жолдама алды. Енді қазақстандық велошабандоз жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

    Еске сала кетсек, Андрей Чугай Париж Олимпиадасында спринт бағдарламасында да сынға түскен болатын. Бұл сайыстың 1/32 финалына өту үшін 30 спортшының ішінде үздік 24 велотрекшінің қатарына кіру керек еді. Алайда қазақстандық спортшы мәреге 10,047 секундта жетіп, ең соңғы, 30-орынға жайғасты.

    Сондай-ақ қазақстандық велошабандоздар Алексей Луценко мен Евгений Федоров Париж Олимпиадасында командалық сынға қатысқан еді. Луценко жарысты 52-орынмен аяқтаса, Федоров мәреге жете алмады.

    Париж-2024: қазақстандық велоспортшы өз тобында мәреге бесінші болып жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.