jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: Әлішер Ерғали қола жүлде үшін белдесу өткізеді

    Әлішер Ерғали
    Әлішер Ерғали: olympic.kz, Жеңіс Ысқабай

    Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Олимпиаданың қола жүлдесі үшін күреседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалдық кезеңде Бахрейн елінің балуан Ахмед Тажудиновпен сынға түсіп, жеңіліс тапқан болатын.

    Жарыс ережесі бойынша егер Ахмед Тажудинов финалға өтіп жатса, Әлішер Ерғали қола медаль үшін жұбаныш кездесуін өткізуге мүмкіндік алады. Бахрейн балуаны жартылай финалда АҚШ спортшысы Кайл Снайдерді 6:4 есебімен жеңді.

    Осылайша қазақстандық балуан жұбаныш белдесуінде сынға түсіп, қола медаль үшін таласады.

    Жұбаныш белдесінде қазақстандық балуан алғашқы айналымда Ахмед Тажудиновтен жеңіліп қалған ирандық Амирали Азарпирамен кездеседі. Бұл белдесу ертең, 11 тамызда сағат 14:00-де өтеді.

    Париж Олимпиадасы: Әлішер Ерғали қола жүлде үшін белдесу өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.