jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Өзбекстан алға шықты: Қазақстан Олимпиаданың медальдар кестесінде нешінші орынға тұрақтады

    Дзюдошы Елдос Сметов
    Дзюдошы Елдос Сметов. Фото: Buda Mendes / Staff / Getty Images Sport

    Қазақстан құрамасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 43-орынға табан тіреді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Франция астанасында қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншіледі. Ол дзюдодан 60 келі салмақта сынға түсті.

    Сондай-ақ қазақстандықтар үш күміс медаль иеленді. Гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

    Париж Олимпиадасының қола медалін Назым Қызайбай (50 келі, бокс) және Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (нысана көздеуден аралас командалық жарым) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 43-орынға табан тіреді.

    Айта кетейік, көршілес Өзбекстан мемлекеті 8 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен 13-орынға тұрақтады. Жалпыкомандалық есепте АҚШ (40-44-42) көш бастап тұрса, екінші орынға Қытай (40-27-24), үшінші орынға Жапония (20-12-13) жайғасты.

    Өзбекстан алға шықты: Қазақстан Олимпиаданың медальдар кестесінде нешінші орынға тұрақтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.