jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтық айқаста Нұрбек жеңілмеді": ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Олимпиаданы қорытындылады

    Асқар Еркебаев
    Асқар Еркебаев. Скриншот: instagram.com/askar_yerkebayev

    Ағайынды боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың жеке бапкері Асқар Еркебаев Париж Олимпиадасын қорытындылап, ендігі жоспар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Айбек Оралбай Олимпиаданың ширек финалында Әзербайжан өкілі Лорен Альфонсо Домингестен жеңіліп, жарыс жолынан шығап қалған еді. Ал Нұрбек Оралбай финалға дейін жетіп, ақтық бәсекеде украиналық боксшы Александр Хижнякқа есе жіберді. Осылайша, күміс жүлде еншіледі.

    Ағайынды боксшылардың жеке бапкері Асқар Еркебаев Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняк арасында өткен жекпе-жек туралы айтты.

    "Ақтық айқаста Нұрбек жеңілмеді. Бірақ төрешілерге сәл шаршағанын көрсетіп қойды. Соған келісеміз. Александр Хижняк физикалық жағынан сәл басым боп тұрды. Ал бокс жағынан біз басым болып тұрдық. Нұрбектің жойқын соққылары қарсыласына дәл тиіп жатты. Бірақ кімнің қолын көтерсе де ренжімеу керек, жекпе-жек өте тең дәрежеде өтті. Бұндай жекпе-жек бізді пісіреді, шыңдайды, мықты етеді", - деді Еркебаев.

    Сондай-ақ бапкер "біздің спортшыларда агрессия, мінез жоқ, тым сабырлы" деп пікір айтып жатқандарға жауап берді.

    "Қазақтың жігіттері сабырлы, әдепті болғаны дұрыс емес пе? Бірақ олар рингке шыққан кезде қарсыласын аямайды. Сондықтан біздің жігіттерде агрессия жоқ деп айта алмаймын. Нұрбек те қазақтың мінезін көрсетіп финалға жетті ғой. Олимпиадаға әбден сыналған, мықтылардың арасынан іріктелген спортшылар барады. Мінезің болмаса солардың арасынан топ жарып шығу мүмкін емес деп ойлаймын", - деді жаттықтырушы.

    Асқар Еркебаевтың айтуынша, ендігі мақсат – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарынан екі алтын жүлдемен оралу.

    "Осы Олимпиадада көп тәжірибе жинадық. Бәрі де мүмкін екенін, жігіттеріміздің деңгейі чемпион болуға жететінін көрдік. Енді біз біраз уақыт демалып, жараларымызды емдеп алып, бір-екі айда жаттығуға кірісеміз. Нұрбек сәл кішкене демалады. Ал Айбекпен Азия, Қазақстан чемпионаттарына дайындаламыз. Содан кейін Нұрбек екеуін әлем чемпионатына дайындаймын. Енді 2028 жылы Лос-Анджелестен екі алтын алып келсек деген ниетіміз бар ", - деді бапкер.

    Еске салайық, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елге оралғанын жазған едік.

    "Ақтық айқаста Нұрбек жеңілмеді": ағайынды Оралбайлардың жеке бапкері Олимпиаданы қорытындылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.