jitsu gif
Спорт

    "Атқарылуға тиіс жұмыс көп": Василий Жиров Олимпиададағы сәтсіздіктің себебін айтты

    Василий Жиров
    Василий Жиров. Фото: instagram.com/vassiliyjirovtiger

    Бокстан тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Василий Жиров Париждегі жазғы Олимпиада ойындарындағы қазақстандық боксшылардың көрсеткен нәтижелерін қорытындылап, сәтсіздіктердің себептері туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Василий Жиров қазақстандық боксшылардың алтын жүлдеге қол жеткізе алмағаны өкінішті екенін жеткізді.

    "Токио Олимпиадасындағыдай қазақстандық боксшылар тағы да алтын медальға қол жеткізе алмады. Бұл, әрине, өкінішті... Мұндай нәтижені толықтай сәтсіздік деп айтуға болмайды. Дегенмен, өзбекстандық боксшылармен салыстырғанда, иә, бұл нәтижені төмен деп айтуға болады. Атқарылуға тиіс жұмыс көп", - деді Василий Жиров.

    Сондай-ақ Жиров "Қазақстандық боксшыларға төрешілер әділетсіздік жасады ма?" деген сұраққа жауап берді.

    "Бокс – баяғыдан беделді спорт! Мәселе туындамауы үшін бұл жерде үлкен басымдықпен жеңу керек", - деді ол.

    Василий Жиров Париж Олимпиадасындағы сәтсіздікті дұрыс емес жаттығу әдістерімен немесе эмоционалды дайындықтың жеткіліксіздігімен байланыстыратынын айтты. Оның сөзінше, Өзбекстан құрамасының осы бағыттағы тыңғылықты жұмысы оларды жетістікке жеткізді.

    Айта кетейік, Василий Жиров 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада топ жарып, алтын медаль жеңіп алған. Ол әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (1993, 1995), Азия чемпионы (1995) атанған. Василий Жиров әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 207 рет жеңіске жетсе, 10 рет жеңіліске ұшыраған.

    "Атқарылуға тиіс жұмыс көп": Василий Жиров Олимпиададағы сәтсіздіктің себебін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.