jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері мейрамханада даяшы болып жүр (видео)

    Яцинь Чжоу
    Яцинь Чжоу. Фото: Tom Weller/VOIGT/GettyImages

    Қытайлық гимнаст Яцинь Чжоу Париж Олимпиадасындағы жетістігінен кейін елге оралып, даяшы болып қызмет етіп ата-анасына көмектесіп жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Tribune басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, қытайлық гимнаст Яцинь Чжоу, туған қаласы Хэнъянға оралып, ата-анасының мейрамханасында даяшы болып көмектесіп жүр.
    • Әлеуметтік желіде 18 жастағы спортшының мейрамханада қонақтарға қызмет көрсетіп жүрген видеосы тарады.
    • Яцинь Чжоу Париж Олимпиадасында бөрене снарядында 14.100 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болған.

    Әлеуметтік желіде Яцинь Чжоудың мейрамханада қонақтарға қызмет көрсетіп жүрген видеосы тарады.

    Париж Олимпиадасынан кейін 18 жастағы Яцинь Чжоу туған қаласы Хэнъянға оралып, ата-анасының шағын мейрамханасында даяшы болып көмектесіп жүр.

    Сондай-ақ Яцинь Чжоу Париж Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілген италиялық спортшылардың медаль тістегеніне қарап ерекше реакция білдіргені көпшілікті тәнті еткен болатын.

    Айта кетейік, Яцинь Чжоу бөрене снарядында 14.100 ұпай жинап, күміс жүлде еншілеген. Ал осы сайыста италиялық Аличе Д’Амато 14.366 ұпай жинақтап, Олимпиада чемпионы атанса, екінші италиялық спортшы Манила Эспозито (14.000) қола жүлдеге қол жеткізді.

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері мейрамханада даяшы болып жүр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.