jitsu gif
Спорт

    Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға көлік сыйға тартылды (видео)

    Ольга Рыпаковаға көлік сыйға тартылды
    Ольга Рыпаковаға көлік сыйға тартылды. Скриншот: instagram.com/nmeliskanova

    Шығыс Қазақстан облысында жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға су жаңа көлік табыс етілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Біздің Өскемен" cайтының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, ШҚО әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан ХХII халықтық спорт ойындарының ашылу салтанатында облыс басшылығы Қазақстан спортына қосқан үлкен тарихи үлесі үшін Ольга Рыпаковаға су жаңа автомобиль сыйлаған. Спорттық шараның ашылу салтанаты Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткен.

    Айта кетейік, Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында күміс, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылы Риода қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол жабық кешендегі әлем чемпионатының жеңімпазы (2010). Қазақстандық спортшы 2023 жылы 38 жасында үлкен спортпен қош айтысқан болатын.

    Осыған дейін қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізгенін жазған едік.

    Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға көлік сыйға тартылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.