jitsu gif
Спорт

    "Кейін қарасам түрі өзгеріп кетіпті": Олимпиада жүлдегерлері медальдардың сапасы туралы айтты

    Ғұсман Қырғызбаевтың медалі
    Ғұсман Қырғызбаевтың медалі. Фото: KAZ.NUR.KZ/ Ислам Аманқос

    Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық спортшылар Назым Қызайбай мен Ғұсман Қырғызбаев медалінің сапасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде KAZ.NUR.KZ тілшісі Олимпиада жүлдегерлерінен медальдарының сапасы жөнінде сұрады.

    "Шыны керек, медальдың сапасы нашарлау, сырты кішкене бүлініп жатыр. Бірақ жалпы өте әдемі. Бокста жүріп қаншама медаль жеңіп алдым, бірақ бұл мен көрген ең әдемі медаль", - деді боксшы Назым Қызайбай.

    Сондай-ақ дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев та жүлдесінің сапасы көңіл көншітпейтінін, бірақ дизайны ұнағанын айтты.

    "Францияда жүргенде тек өзіміз ғана ұстап жүрдік қой. Ұшақта отырғанда қарағанымда түр-түсі жақсы боп тұрған. Елге оралған соң бірнеше адам ұстады. Кейін тағы бір қарасам медальдың түрі өзгеріп кетіпті. Қола медальдың ғана сапасы осындай деп естіп жатырмыз. Қайтадан жаңасын беріп жібереміз деп айтты деген де сыбыс бар. Иә, сапасы нашарлау, бірақ дизайны мықты істелген, көңілімізден шықты. Қандай медаль болса да бізге ұнап тұр ғой", - деді Ғұсман Қырғызбаев.

    Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарынан жүлдемен оралған алматылық спортшыларды марапаттаған еді.

    "Кейін қарасам түрі өзгеріп кетіпті": Олимпиада жүлдегерлері медальдардың сапасы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.