jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері құрмет көрсетіп, сәйгүлік мінгізді

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Скриншот: instagram.com/gusman_kyrgyzbayev

    Париж Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері сый-құрмет көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дзюдошының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жазбаға сүйенсек, Түркістан облысы Диxанкөл ауылының тұрғындары Қырғызбаевқа құрмет көрсету үшін салтанатты іс-шара өткізген. Олимпиаданың қола жүлдегеріне жерлестері шапан жауып, қомақты сый-сияпат табыстап, ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен сәйгүлік мінгізді.

    Осыған дейін Ғұсман Қырғызбаевқа кәсіпкер Кеңес Рақышев көлік сыйлаған болатын. Сондай-ақ спортшыға Алматы әкімі Ерболат Досаев бір бөлмелі пәтер, ақшалай сертификат және жаңа автомобильдің кілтін табыстады.

    Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичпен қола жүлде үшін белдескен еді. 66 кг салмақ дәрежесіндегі кездесуде қазақстандық дзюдошы "вазари" ұпайымен жеңген болатын.

    Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері құрмет көрсетіп, сәйгүлік мінгізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.