jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елдосқа 50 млн, Ғұсманға 15 млн теңге: Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлері марапатталды

    Дзюдошылар марапатталды
    Дзюдошылар марапатталды. Фото: instagram.com/stories/smagulovkaz

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа комақты ақшалай сыйақы табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дзюдошы Жансай Смағұловтың Instagram Stories-іне сүйенсек, "Жеңіс" дзюдо клубының өкілдері Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлерін марапаттаған. 60 кг салмақта алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметовке 50 млн, оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке 10 млн теңгенің сертификаты табысталған. Сондай-ақ Парижде қола жүлде еншілеген Ғұсман Қырғызбаевқа (66 кг) 15 млн теңге сыйақы берілген.

    Бұдан бөлек ұлттық құрама мүшесі Жансай Смағұловқа (-73 кг) 4 бөлмелі пәтер, тағы бір дзюдошы Ислам Бозбаевқа (-100 кг) 3 бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

    Кеше, 27 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовті І дәрежелі "Барыс" орденімен, ал Ғұсман Қырғызбаевты "Парасат" орденімен марапаттаған болатын.

    Еске салайық, Қазақстанда Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен қатысушыларына қандай сыйлықтар берілгенін жазған едік.

    Елдосқа 50 млн, Ғұсманға 15 млн теңге: Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлері марапатталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.