jitsu gif
Спорт

    Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы Париждегі додада 10-орын алды

    Зульфия Габидуллина
    Зульфия Габидуллина. Фото: csp-parasport.kz

    Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында SB3 санаты бойынша сынға түскен қазақстандық жүзгіш Зульфия Габидуллина финалға өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Қазақстандық паралимпиадашы Зульфия Габидуллина Париж Паралимпиадасында 50 метр брасс жүзуден 10-шы орын алып, финалға шыға алмады.
    • Габидуллина енді 50 метр еркін әдіспен жүзуден сынға түседі, бұл санатта ол 2017 жылы әлем чемпионы атанған.
    • Қазақстан Париж Паралимпиадасының медальдар кестесінде төмендеп, қазіргі уақытта Еркін Ғаббасовтың пара оқ атудан жеңіп алған 1 күміс медалі бар.

    Бүгін, 4 қыркүйекте Зульфия Габидуллина SB3 санаты бойынша 50 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсті. Бұл санатқа жүзуде қолданатын, бірақ аяқтары мен денесін пайдалана алмайтын қолы ең аз әлсіз спортшылар кіреді.

    Қазақстандық спортшы Зульфия Габидуллина бұл қашықтықты 1 минут 12,07 секундта бағындырып, іріктеуде 10-орынға табан тіреді. Ал финалдық кезеңге үздік шыққан 8 спортшы жолдама алады.

    Енді қазақстандық спортшы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден сынға түседі. Бұл санат бойынша ол 2017 жылы әлем чемпионы атанды.

    Айта кетейік, 58 жастағы Зульфия Габидуллина 2016 жылы Риода өткен жазғы Паралимпиада ойындарында 200 метрге еркін әдіспен жүзуден чемпиона атанған болатын. Сондай-ақ Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан бірнеше сатыға төмендеді. Ел қоржынында пара оқ атудан Еркін Ғаббасов жеңіп алған 1 күміс жүлде бар.

    Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы Париждегі додада 10-орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.