jitsu gif
Спорт

    Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының қатысушысы Айбек Оралбайға да темір тұлпар мінгізді (фото)

    Айбек Оралбай
    Айбек Оралбай. Фото: kazsports.kz

    Қазақстандық кәсіпкерлер 14 қыркүйекте Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов, Нұрбек Оралбай және Назым Қызайбайға бір-бір көліктен мінгізіп, сый-құрмет көрсетті. Олимпиаданың ширек финалында өнер көрсеткен Айбек Оралбай да назардан тыс қалмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Айбек екеумізді бөліп-жармай, екеумізге де темір тұлпар мінгізді. Алла разы болсын, ағалар!"- деп жазды боксшы Айбек Оралбай Instagram-дағы жеке парақшасында.

    Кәсіпкер Сырымбек Тау да желіде видео жариялап, Олимпиада жүлдегерлеріне қандай көліктер тарту етілгенін көрсетті.

    "Ағалары Айбек еленбей қалмасын деп елеп жатыр", - деді кәсіпкер Айбек Оралбайға табысталған көлікті көрсетіп.

    Олипиада қатысушысы Айбек Оралбайға табыс етілген көлік
    Автокөлік. Видеодан скриншот: instagram.com/syrymbek_tau

    Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарының ширек финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Әзербайжан елінің өкілі Лорен Альфонсо Домингеске қарсы кездесу өткізген еді.

    Алайда үш раундтың нәтижесінде қазақстандық боксшы 2:3 есебімен жеңіліс тауып, жартылай финалға шыға алмады.

    Лорен Альфонсо Домингес 2021 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ боксшы 2021 жылғы Сербиядағы әлем чемпионатында топ жарған.

    Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының қатысушысы Айбек Оралбайға да темір тұлпар мінгізді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.