jitsu gif
Спорт

    Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтер: Астана әкімі Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

    Ақмарал Науатбек пен Жеңіс Қасымбек
    Ақмарал Науатбек пен Жеңіс Қасымбек. Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

    Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарынан жүлдемен оралған елордалық спортшылар мен олардың бапкерлерін марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жеңіс Қасымбек Паралимпиада жүлдегерлерімен кездескені туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

    Астана әкімі дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 30 миллион теңге ақшалай сыйақы табыстаған. Ал спортшының жаттықтырушысы Айдын Анапинге 10 миллион теңге берілген.

    Сондай-ақ пара дзюдодан күміс жүлде иеленген Ерғали Шәмейге 2 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 25 миллион теңге ақшалай сыйақы, ал оның жаттықтырушысы Дәурен Оразовқа 7 миллион теңге табыс етілді. Жеңіс Қасымбектің жазуынша, ақшалай сыйақы демеушілер тарапынан берілді.

    "Біз өз тарапымыздан спортшыларымызға қолдау көрсетуді ары қарай да жалғастырамыз, сол сияқты қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартып, бұқаралық спортпен шұғылдану үшін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне тиісті жағдай жасаймыз және т.б.", - деп жазды Астана әкімі.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париж Паралимпиадасында 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 39-орынға тұрақтаған еді. Бұл ел Паралимпиадасы тарихындағы рекордтық көрсетекіш саналады.

    Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтер: Астана әкімі Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.