jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Олимпиадада басы дауға қалған алжирлік боксшы қыз тосын мәлімдеме жасады

    Иман Хелиф
    Иман Хелиф. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Алжирлік боксшы Иман Хелиф өзінің мансабы мен болашақ жоспарлары туралы ойын ортаға салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 20 қазанда Иман Хелиф алжирлік "En Nahar" басылымына берген сұқбатында кәсіпқой боксқа ойысатынын айтты. Спортшы қазіргі уақытта кәсіпқой бокстан көптеген ұсыныс түсіп жатқанын атап өтті.

    "Жақын арада мен кәсіпқой боксқа ауысамын, себебі бұл бағыттан көптеген ұсыныс түсіп жатыр. Олимпиада чемпионы болу спорт әлемінде үлкен маңызға ие. Сондай-ақ біз, алжирліктер кәсіпқой бокста қандай деңгейде екенімізді көрсеткіміз келеді", - деді Иман Хелиф.

    Айта кетейік, 66 кг дейінгі салмақта әйелдер боксынан Алжир спортшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында қытайлық қарсыласын төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.

    Сондай-ақ әлемдік БАҚ-та Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы жекпе-жектері қызу талқыланған еді. Көпшілік Алжир боксшысы "трансгендер" болуы мүмкін деген болжамдар жасаған болатын.

    Олимпиадада басы дауға қалған алжирлік боксшы қыз тосын мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.