jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрбек Оралбай отырарлық жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізді

    Нұрбек Оралбай жас спортшылармен
    Нұрбек Оралбай жас спортшылармен. Фото: otyrar.kz

    Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Отырар ауданының жас спортшылармен кездесті. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

    Жүздесуге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов қатысып, әлем елдерінің алдында еліміздің абыройын асқақтатқан боксшыға алғысын жеткізді.

    Аудан әкімінің орынбасары ел үміт артқан спортшыларымыздың арқасында әлем жұртының алдында ел абыройы артып, қазақ спортының жанкүйерлеріне асқақ рух пен жігер сыйлағанын айтып өтті. Сондай-ақ мәслихат төрағасы әлемдік додада жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген Нұрбекке аудан халқының атынан шынайы алғысын айтты.

    Жалпы аудандағы спорт мектептерінде спорттың бірнеше түрінен үйірме сабақтары ұйымдастырылған. Аталған үйірме жұмыстарының ішінде бокс спортына қызығатын балалардың саны күн санап артып келеді.

    Кездесу барысында Нұрбек Оралбай бокс үйірмесіне қатысатын жасөспірімдерге шеберлік сағатын өткізіп, жеңіске жетудегі негізгі әдіс-тәсілдер мен шаршы алаңда жүріп-тұрудың қыр-сырын үйретті.

    Кездесуде аудан жастары ауданға арнайы келіп шеберлік сағатын өткізген спортшыға шынайы алғысын айтып, естелікке суретке түсті.

    Нұрбек Оралбай отырарлық жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.