jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық конькиші төрт құрлық чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

    Надежда Морозова
    Надежда Морозова. Фото: olympic.kz

    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Надежда Морозова Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы Надежда Морозова төрт құрлық чемпионаты аясында 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті.

    Надежда Морозова бұл қашықтықты 01:17.16 уақыт көрсеткішімен бағындырып, күміс жүлдені жеңіп алды.

    Бұл бәсекеде бірінші орынды америкалық Бриттани Боуи (01:15.65) иеленсе, үшінші орын АҚШ спортшысы Кими Гетцке (01:17.23) бұйырды.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Жапонияда өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.

    Қазақстандық конькиші төрт құрлық чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.