jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ШҚО-дағы демалыс базасында аспалы жолда тросс үзіліп, бір адам жарақат алды

    ШҚО-дағы тау-шаңғы курорты
    ШҚО-дағы тау-шаңғы курорты. Фото: qazaqstan3d.kz

    ШҚО-дағы демалыс базасында аспалы жолда тросс үзіліп, жаттығуда жүрген спортшылардың бірі иығынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

    ШҚО әкімдігінің мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда тау-шаңғы курортында болған.

    Аспалы жолда тросс үзіліп, жаттығуда жүрген спортшылардың бірі иығынан жарақат алды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

    "Ауыр жарақат анықталмағанымен мамандар 2013 жылы туған спортшыны толық медициналық тексеру үшін Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына алып кетті. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов келді", - делінген ақпаратта.

    Тросс үзілуінің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мәселе облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.

    ШҚО-дағы демалыс базасында аспалы жолда тросс үзіліп, бір адам жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.