jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әлия Юсупова Гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайланды: Тоқаев бірқатар тапсырма берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әлия Юсупова
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әлия Юсупова. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Ақорда ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

    Кездесуде елімізде көркем гимнастиканы дамыту перспективасы талқыланды. Президентке федерацияның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары туралы ақпарат берілді.

    Әлия Юсупова спорт саласындағы кейбір өзекті проблемаларға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Федерация басшысының айтуынша, балаларды гимнастикаға ерте жастан баулу үшін кешенді жұмыс атқарылуы керек.

    Қасым-Жомарт Тоқаев сала инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушыларды даярлау ісінде Туризм және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты.

    Әлия Юсупова Гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайланды: Тоқаев бірқатар тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.