jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық семсерлесушілер Дубайда 2 аптаға созылған жаттығу өткізді

    Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай
    Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай. Фото: Olympic.kz

    Дубайда (БАӘ) семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жаңа маусымға дайындық негізінде өткен семсерлесуден оқу-жаттығу жиындары 12 күнге созылды. Аталмыш жиынға Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары Руслан Курбанов, Артем Саркисян, Ерлік Сертай, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Бақдәулет Кұралбекұлы және басқа да семсерлесушілер қатысты.

    Негізгі жұмыстар спортшылардың физикалық дайындығын жақсарту, төзімділікті арттыру, сондай-ақ семсерлесушілердің техникалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

    Айта кетейік, халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесушілер әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді. Қазір ел құрамасының қоржынында 266 ұпай бар. Ал бұл тізімде Жапония кұрамасы көш бастап келеді (388 ұпай). Венгрия құрамасы 2-орынға жайғасса (344 ұпай), Франция үздік үштікті (332 ұпай) түйіндеп тұр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.