jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Елдос Сметов келесі Олимпиада ойындарына мақсат қойғанын айтты

    Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев
    Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев. Фото: olympic.kz

    Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі Олимпиадаға қатысу туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.KZ арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық дзюдошы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті.

    "Мен 32 жастамын. Олимпиада өтетін кезде 35-36 жаста боламын. Бұл жаста жүлде алу қиын екені белгілі, бірақ үмітім бар. Бұның дәлелі ретінде 35 жаста болған Демеу Жадыраевтың Олимпиаданың финалына шығуы. Менің мақсатым – жастың жәй ғана сан екенін дәлелдеп, жастарға жігер сыйлау", - деді Сметов.

    Еске салайық, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 кг салмақта алтын медаль жеңіп алды. Осылайша отандық спортшы барлық медальдар жиынтығына қол жеткізді: Париж-2024-те алтын, 2016-жылы Рио-де-Жанейрода күміс, 2020-жылы Токиода қола.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.