jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Кішкентай кезімнен армандайтынмын": Назым Қызайбай әкесіне жаңа көлік сыйлады (видео)

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай әкесіне су жаңа көлік мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Назым Қызайбай TikTok желісіндегі парақшасында видео жариялап, әкесіне сыйға тартқан темір тұлпарды көрсетті.

    "Кішкентай кезімнен әкеме көлік алып беруді армандайтынмын. Жаңа жыл алдындағы екінші көлігі болып отыр. Бұл жолы су жаңа көлікті алғаш рет мінді. Армандарымыз орындала берсін", - деп жазды боксшы.

    Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлдегер атанған еді. Cондай-ақ ол екі дүркін әлем чемпионы.

    2024 жылдың соңында Назым Қызайбай 48 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы болды. Оның финалдағы қарсыласы Ақбота Болат жарақат алып қалып, шаршы алаңа шықпаған соң жеңіс Назым Қызайбаға берілді.

    "Кішкентай кезімнен армандайтынмын": Назым Қызайбай әкесіне жаңа көлік сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.