jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

    Қазақстандық семсерлесуші София Актаева
    Қазақстандық семсерлесуші София Актаева. Фото: olympic.kz

    Рапирамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі София Ақтаева Фуджейрадағы (БАӘ) әлем кубогі кезеңінде алтын медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    София Ақтаева финалда Қытай спортшысы Яжихэ Тэмен кездесті. Бұл бәсекеде Ақтаева 15:13 есебімен жеңіске жетті.

    Cемсерлесу федерациясының мәліметінше, София 1/16 және 1/8 финалда да қытайлық спортшылармен шеберлік байқасып, екеуінде де 15:6 есебімен басым түскен. Ал ширек финалда Макао өкілін 15:13 есебімен, жартылай финалда мажарстандық спортшыны да дәл сондай есеппен ұтқан.

    Еске салайық, қазақстандық семсерлесушілер Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізген еді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшылары Руслан Курбанов, Артем Саркисян, Ерлік Сертай, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Бақдәулет Кұралбекұлы және басқалары қатысты.

    Қазақстандық спортшы семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.