jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру жұмыстарын бастады

    Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары
    Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

    Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиев 2026 жылы өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетін құру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі болып министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Әділ Байсалов тағайындалды.

    Ұйымдастыру комитетінің негізгі міндеттері:

    • VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық және оны өткізу бойынша ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;
    • Ойындардың спорттық бөлігінің ережелері мен регламенттерін бекіту;
    • Жоспарланған іс-шараларға сәйкес шығын сметасын жасау.

    Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бұған дейін үш рет (2014, 2016, 2018) Қырғызстанда өткізілген. 2022 жылы Түркияда өтсе, ал 2024 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған. Ал келесі 2026 жылы Қырғызстан VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қайта қабылдайды.

    Қырғызстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру жұмыстарын бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.