jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Қазы-қарта мен құртын алып жүреді": бокстан Азия чемпионы бапкері Мырзағали Айтжановтың ерекше қасиетін атады

    Сағындық Тоғамбай мен Мырзағали Айтжанов
    Сағындық Тоғамбай мен Мырзағали Айтжанов. Скриншот: instagram.com/togambay_sagyndyk

    Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сағындық Тоғамбай жеке бапкері Мырзағали Айтжановтың ерекше қасиетін атап өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Министрі" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мырзағали ағай қандай жарысқа барса да, өзімен бірге қазы-қартасын алып жүреді. Бізбен де бөліседі. Әлемнің спортшыларына, спорт мамандарына құртын беріп жүреді. Бұл дегеніміз өзіміздің қазақылығымыздың белгісі деп ойлаймын. Барлық мықты жарысқа қазы-қарта мен құртын алып жүреді. Мырзағали ағай өзімен бірге екі сөмке алады. Соның біреуін бізді тамақтандыру үшін алып келеді", - деді Сағындық Тоғамбай.

    Сондай-ақ ұлттық құрамның бұрынғы бас бапкері болған Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасына қазы-қарта, жілік-жілік ет апаратынын айтқан еді.

    Айта кетейік, Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі.

    Сондай-ақ ол 2022 жылы Амманда өткен Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алды. Дәл сол жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да қола медальді қанжығасына байлады.

    "Қазы-қарта мен құртын алып жүреді": бокстан Азия чемпионы бапкері Мырзағали Айтжановтың ерекше қасиетін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.