jitsu gif
Спорт

    Универсиада-2025: парашаңғышылар Қазақстан құрамасына бір күнде екі медаль әкелді

    Денис Зинов
    Денис Зинов. Фото: Instagram @ddenis_zinovv

    Қазақстандық парашаңғышылар Денис Зинов пен Роман Құрбанов Италияда өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Универсиада ойындарының жеңіс тұғырына тағы көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұма күні классикалық стильде жекелей спринттер өтті.

    Құрбанов екі бәсекелесінен де ұтылып, өз санатында үшінші болып мәреге жетті. Зинов жарысқа төрт қарсыласымен бірге қатысып, күміс жүлдегер атанды.

    Бұл параспортшылар бұған дейін 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста дәл осындай медаль алған болатын.

    Осылайша, Құрбановтың еншісінде 2025 жылғы Универсиадада екі қола, Зиновта екі күміс бар.

    Естеріңізге сала кетейік, студенттерге арналған басты мультиспорттық жарыстар Италияның Турин қаласында өтіп жатыр және 23 қаңтарда аяқталады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.