jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында үздік сегіздікке енді

    Юлия Галышева
    Юлия Галышева. Фото: Tom Pennington/Getty Images

    Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Галышева Валь-Сен-Комда (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогында үздік сегіздікке енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жеке могулда спортшы іріктеуден сәтті өтті, бірақ шешуші финалға өте алмады. Қорытынды хаттамада ол 68,36 ұпай жинап, сегізінші орынды иеленді.

    Жеңіс канадалық Майя Швингаммерге бұйырды. Өзге қазақстандықтар Аяулым Амренова мен Анастасия Городко сәйкесінше 17 және 37-орындарды иеленді.

    Ерлер арасында отандық спортшылардан Павел Колмаков 23-орынға жайғасты. Федор Бугаков 41-орынға, Антон Бондарев 44-орынға ие болды. Жеңісті Канададан келген олимпиада чемпионы Микаэль Кингсбери иеленді.

    Әлем кубогының кезеңі Қазақстан уақыты бойынша ақпанның 2-не қараған түні аяқталады.

    Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында үздік сегіздікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.