jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Трамп трансгендерлерге әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салды

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

    АҚШ президенті Дональд Трамп трансгендер спортшыларға әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ВВС.

    "Бұдан былай әйелдер спорты тек әйелдерге арналады. Осы жарлықпен әйелдер спортына қарсы соғыс аяқталады", - деді Трамп құжатқа қол қояр алдында.

    АҚШ президенті трансгендер спортшыларға виза беруден бас тартатынын айтты.

    Жарлық негізінен мектепаралық, университеттік және әуесқой жарыстарға қатысты болады, алайда Трамп Халықаралық Олимпиада комитетін 2028 жылы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына дейін трансгендер спортшыларға қатысты ережелерін өзгертуге көндіретінін мәлімдеді.

    Еске сала кетейік, Дональд Трамп инаугурация кезінде АҚШ үкіметі тек екі жынысты – еркек пен әйелді ресми түрде танитынын мәлімдеген болатын.

    Трамп трансгендерлерге әйелдер арасындағы спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.