Олимпиада-2026: Надежда Морозова үздік 15 спортшының қатарына енді
Опубликовано:
Читать на русском
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстарына Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.
Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен — Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақытта мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.
Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақытта мәреге жетіп, 28-орынға жайғасты.
Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды - 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды - 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді - 1:13.95.
- Олимпиада-2026: 10 ақпанда Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесі
- Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2341510-olimpiada-2026-nadezhda-morozova-uzdik-15-sportshynyng-qataryna-endi/