Спортшы болашаққа көп жоспар құрып отырғанын жасырмады. "Алда көп нәрсе күтіп тұр, мен мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Үлкен жоспарларым бар және алда үлкен жеңістер күтіп тұр деп үміттенемін. Алда жүріп өткім келетін ұзақ жол бар, ірі жарыстар болады, әрине, Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды танымал еткім келеді. Балалар бұл спорт түріне келгенін қалаймын, шектеулер жоғын білсін деймін. Тек мәнерлеп сырғанауда ғана емес, кез келген іс-әрекетте шектеулер жоқ. Осы мақсатқа бар күш-жігерімді салғым келеді және, әрине, отбасы туралы ұмытпауым керек", - деп бөлісті Михаил.
Жазбаның барлығын оқу
Спортшыны қарсы алуға гүл шоқтарын, жалаушалар мен чемпионның портретін ұстаған жүздеген адам жиналды.
Жазбаның барлығын оқуПрезидент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Жазбаның барлығын оқу"Станислав Александрович – мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Әкесі, тұңғыш бапкері ретінде Михаилдың мұз айдынындағы алғашқы қадамын жасауға көмектесіп, өмірдің ең қиын сәттерінде әрдайым ұлының жанында болған адам. Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан Республикасының көк Туын әлемнің басты спорт аренасында биік желбіреткен осындай ұлды, отаншыл азаматты тәрбиелегеніңіз үшін Сізге шын жүректен алғыс айтамын. Баспасөз бетіндегі сұхбатыңызды оқып шықтым. Михаилдан мейіріміңізді аямай, талантты перзентіңіздің спорттағы ерекше миссиясына титтей де күмән келтірмей, әкелік парызыңызды адал әрі лайықты атқардыңыз. Биік шыңға апарар бұралаң жолдан бірге өттіңіздер. Енді сол табан ақы, маңдай тердің жемісін көріп, құрмет пен қошеметке бөленіп жатсыздар. Бүгінде халқымыз Сіздерді ардақ тұтады. Отаншылдықтың нағыз үлгісін көрсеткендеріңіз үшін еліміз Сіздерге ризашылығын білдіреді. Жұртшылықтың алғаусыз алғысы мен құрметіне мен де қосыламын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жазбаның барлығын оқуМихаил Шайдоровты Астана әуежайында журналистер, Спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері және жанкүйерлер қарсы алған.
Жазбаның барлығын оқу24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні спортшы Астанаға келді. Елорда әуежайында чемпионды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, оған көптеген жанкүйер қатысты.
Жазбаның барлығын оқуВедомствоның мәліметінше, 6-22 ақпан аралығыда өткен байрақты бәскеге әлемнің 94 елінен 2917 спортшы қатысып, 16 дисциплина бойынша 116 жүлде жиынтығын сарапқа салған.
Жазбаның барлығын оқуМилан мұз айдынындағы гала-концертке 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ шақырылған өзге де мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.
Жазбаның барлығын оқуҰлттық құраманың атынан соңғы болып бүгін жарыс жолына шаңғышылар шығады. Шаңғы жарысы
Жазбаның барлығын оқуҚазақстан құрамасының сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Роман Иванов өнер көрсетті. Отандастарымыз жалпы есепте 213,93 ұпай жинады. Бұл нәтиже командаға жеті құраманың ішінде жетінші орын алуға мүмкіндік берді.
Жазбаның барлығын оқу