Қазақстандық шорт-трекші жарыс барысында құлап, Олимпиада медалін иелену мүмкіндігінен айырылды
Опубликовано:
Читать на русском
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен жарыстар басталды. Қазақстандық шорт-трекшілер ең қысқа қашықтықтағы (500 метр) жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сейсенбіде әйелдер арасындағы ең қысқа қашықтықтағы жарыс басталды. Төртжылдықтың басты додасында алғаш болып 500 метр қашықтықта сынға түсетін спортшылар өнер көрсетті.
Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Яна Хан мен Ольга Тихонова бақ сынады.
Ольга Тихонова іріктеу кезеңінің алғашқы жарысында төртінші болып мәреге жетті. Нәтижесінде ол ширек финалға өте алмады.
Айта кетейік, бұл кезеңге әр жарыстан екі үздік спортшы, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішінен ең жақсы уақыт көрсеткішін тіркеген төрт шорт-трекші жолдама алды.
Ал Яна Хан жарыс барысында құлап, төртінші орынмен шектелді де, осы қашықтықтағы өнерін аяқтады.
- Олимпиада-2026: Надежда Морозова үздік 15 спортшының қатарына енді
- Олимпиада-2026: 10 ақпанда Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2341880-qazaqstandyq-sportshy-zharys-barysynda-qulap-olimpiada-medalin-ielenu-mumkindiginen-aiyryldy/