Фристайл-могулдан сынға түскен қазақстандық спортшы Олимпиаданың финалдық кезеңіне жолдама алды
Опубликовано:
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков финалдық кезеңге жолдама алды.
ҰОК мәліметінше, финалдық кезеңге өту үшін үздік ондыққа ену қажет еді. Ал қалған спортшылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Павел Колмаков 9-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалдық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы да өтеді. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталады.
- Қазақстандық шорт-трекші жарыс барысында құлап, Олимпиада медалін иелену мүмкіндігінен айырылды
- Олимпиада-2026: Надежда Морозова үздік 15 спортшының қатарына енді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2341920-fristail-moguldan-synga-tusken-qazaqstandyq-sportshy-olimpiadanyng-finaldyq-kezengine-zholdama-aldy/