Отандық мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров Олимпиададағы қысқа бағдарламада 5-орынға тұрақтады
Опубликовано:
Читать на русском
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 5-орынға тұрақтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарлама бойынша өнер көрсетті.
Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.
АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
- Фристайл-могулдан сынға түскен қазақстандық спортшы Олимпиаданың финалдық кезеңіне жолдама алды
- Қазақстандық шорт-трекші жарыс барысында құлап, Олимпиада медалін иелену мүмкіндігінен айырылды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2342073-otandyq-manerlep-syrganaushy-shaidorov-olimpiadadagy-qysqa-bagdarlamada-5-orynga-turaqtady/