Олимпиада-2026: Юлия Галышева үздік 15 фристайл-могулшы қатарына енді
Опубликовано:
Читать на русском
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңде өнер көрсетіп, жарысты аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
11 ақпанда Аяулым Әмренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко екінші іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды.
Алғашқы финалдық сырғанауда Галышева 14-орын, Городко 15-орын, Әмренова 18-орын алды.
Алайда бұл нәтижелер сегіз үздік могулшы ғана шығатын негізгі финалға өтуге жеткіліксіз болды.
Айта кетейік, 14 ақпанда параллельді могул сайыстары өтеді.
- Олимпиада-2026: 11 ақпанда қазақстандық спортшылардың жарысқа шығу кестесі
- Отандық мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров Олимпиададағы қысқа бағдарламада 5-орынға тұрақтады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2342407-olimpiada-2026-iuliia-galysheva-uzdik-15-fristail-mogulshy-qataryna-endi/