jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    32 жыл күткен тарихи сәт: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: Emmanuel Wong - International Skating Union/International Skating Union via Getty Images

    Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

    Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.

    Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):

    • 1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай
    • 2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай
    • 3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай

    Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған болатын.

    Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.

    Қазақстан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровты тарихи жетістігімен құттықтады.

    "Михаил Шайдоровты Олимпиаданың чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл — талай жылғы тынымсыз еңбек пен табандылықтың, алға қойған мақсатқа деген сенімнің жемісі. Бүгін Михаил елге зор қуаныш сыйлап, отандық мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл жетістік жас спортшыларға шабыт беріп, елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді", - дейді Ербол Мырзабосынов.

    32 жыл күткен тарихи сәт: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.