Vogue Italia журналы Михаил Шайдоровтың костюміне жоғары баға берді (фото, видео)
Опубликовано:
Vogue Italia журналының ғаламтор бетіндегі нұсқасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ең сәнді жарыстардың қатарына қосып, спортшылардың ең қызықты киім үлгісіне арнайы шолу жасады, дей хабарлайды Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне слітеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Таңдаулы тізімге ерекше дизайнымен, айрықша түстерімен және стильдік ерекшелігімен көзге түскен спорттық киімдер енді. Авторлар тек киім үлгілеріне ғана емес, сонымен қатар аксессуарларға да айрықша назар аударған.
Аталған шолуда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада киген жарыс костюмі де жоғары бағаланды.
"Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров көрерменді "Дюна" фильміндегі Тимоти Шаламе бейнесін еске түсіретін киім үлгісімен таңғалдырды. Матаның драпировкасы мен градиентті элементтері костюмнің басқа бөліктерімен үйлесіп, Дени Вильнёв фильмдеріне тән апокалиптикалық әрі футуристік әлем эстетикасына ишара етеді", - делінген мақалада.
@qazsporttvkz Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада үздік бестікке енді Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті. ⛸ Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады. 1) Илья Малинин (АҚШ) - 108.16 2) Юма Кагияма (Жапония) - 103.07 3) Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 102.55 4) Даниэль Грассль (Италия) - 93.46 5) Михаил Шайдоров (Қазақстан) - 92.94 Отандасымыздың өнеріне баға беріңіздер ⬇️
♬ оригинальный звук - Qazsport телеарнасы
Шайдоровтан бөлек, Vogue Italia шолуына өзге де мәнерлеп сырғанаушылардың костюмдері енді. Атап айтқанда: Илья Малинин (АҚШ, қысқа бағдарлама), Пётр Гуменник (Ресей, қысқа бағдарлама), Мэдисон Чок / Эван Бейтс жұбы (АҚШ, еркін би), Стивен Гоголев (Канада, қысқа бағдарлама), Лара Наки Гутманн (Италия, қысқа бағдарлама) және Лоранс Фурнье Бодри / Гийом Сизерон жұбы (Франция, ритмикалық би).
- "Денисімізді жоқтатпай, борышыңды өтедің": Димаш Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтын болды
- Олимпиада-2026: Қазақстан спортшыларының 15 ақпанда жарысқа шығу кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2343768-vogue-italia-zhurnaly-mihail-shaidorovtyng-kostiumine-zhogary-baga-berdi-foto-video/