jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Олимпиада-2026: 18 ақпанда Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесі

    Денис Никиша
    Денис Никиша. Фото: Сали Сабиров / Ұлттық олимпиадалық комитет

    Сәрсенбі, 18 ақпанда 2026 жылғы Олимпиада ойындарында сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыстардың бірінде Қазақстанға жүлделі орын бұйырып қалуы әбден мүмкін. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша қазақстандық спортшылардың жарысқа шығу кестесін назарға ұсынады.

    Шорт-трекшілер сәрсенбі күні медаль жеңіп алуы әбден мүмкін. Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша 500 метрлік қашықтыққа жарыстың ширек финалына шықты. Қалған жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді. Никиша соңғы екі әлем чемпионатында осы дисциплинадан күміс жүлдегер атанды. Әжғалиев 2022 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метрлік қашықтықтағы жарыста төртінші орын алды.

    Қазақстан спортшылары шаңғы акробатикасынан да жарысқа түсуі керек. Жеке біліктілік жарыстары 17 ақпанда өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды. Әйелдер арасындағы жарыс сәрсенбіге жоспарланған.

    Шаңғымен жарысу

    13:45. Командалық спринт, еркін стиль - біліктілік (әйелдер)

    • Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина (№16)

    14:15. Командалық спринт, еркін стиль - біліктілік (ерлер)

    • Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков (№22)

    15:45. Командалық спринт, еркін стиль - финал (әйелдер)

    • Уақыт бойынша үздік 15 команда жарысады.

    16:15. Командалық спринт, еркін стиль - финал (ерлер)

    • Уақыт бойынша үздік 15 команда жарысады.

    Тау шаңғысы

    14:00. Слалом - бірінші сырғанау (әйелдер)

    17:30. Слалом - екінші сырғанау (әйелдер)

    • Александра Скороходова (№59)

    Фристайл

    14:00. Шаңғы акробатикасы - біліктілік (әйелдер).

    • Аяна Жолдас (№25)

    Шорт-трек, 500 метр (ерлер)

    00:15. (19 ақпан). Ширек финал.

    • Денис Никиша (бірінші жарыс), Абзал Әжғалиев (төртінгі жарыс)

    00:44. Жартылай финалдар

    01:25. Финал

    Олимпиада-2026: 18 ақпанда Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.