jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Фристайл шебері Аяна Жолдас Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

    Аяна Жолдас
    Аяна Жолдас. Фото: ҚР Ұлттық олимпиада комитеті/Тұрар Қазанғапов

    Фристайл-акробатикадан ұлттық құрама өкілі Аяна Жолдас қысқы Олимпиаданың финалына өте алмады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Италияның Ливиньо тау-шаңғы курортында XXV қысқы олимпия ойындарының фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті.

    Бұл сында IX қысқы Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас өнер көрсетті. Спортшының екі іріктеу кезеңі бойынша ең жоғары ұпайы – 61.11 балл. Осылайша, ол жалпы есепте 21-орынға ие болып, үздік 12 спортшының қатарына кіре алмады.

    Бұл – 24 жастағы ұлттық құрама спортшысы қатысып жатқан екінші Олимпиада. Аяна Жолдас 2018 жылы Пхёнчхан ойындарында 24-сатыдан көрінген.

    Айта кетейік, финалға алғашқы іріктеуде үздік 6, екінші кезеңде көп ұпай жинаған тағы 6 фристайл шебері жолдама алды. Финал-1 бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Ол жерде 12 спортшының алтауы үлкен финалға шығады.

    Ерлер арасындағы квалификация 19 ақпанға жоспарланған.

    Фристайл шебері Аяна Жолдас Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.