jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Рақмет": Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға алғыс айтты

    Николь Шерзингер
    Николь Шерзингер. Фото: instagram.com/nicolescherzinger/

    Танымал әнші, Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға Олимпиада ойындарына өзінің әнін таңдағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Софья Самоделкина еркін бағдарламада шоу-бизнес жұлдызы Николь Шерзингердің орындауындағы әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Бұған әншінің өзі пікір білдіріп, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға алғыс айтты.

    "2026 жылғы Олимпиада ойындарында Sunset Boulevard әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткені үшін қазақстандық Софья Самоделкинаға рақмет", - деп жазды Шерзингер Instagram-дағы парақшасында.

    Мәнерлеп сырғанаушының өзі де Никольге жауап беріп, жазбасына пікір қалдырды.

    "Керемет музыка үшін рақмет! Мен сізді жақсы көремін!", - деп жазды Самоделкина.

    Естеріңізге сала кетейік, 19 жастағы Самоделкина қысқа бағдарламадан кейін 12-ші орынды еншіледі. Ал еркін бағдарлама қорытындысы бойынша көрсеткішін жақсартып, алғашқы ондыққа енді.

    Кейінірек Софья Самоделкинаның Олимпиададағы дебюті оның туған күнімен тұспа-тұс келгені белгілі болды. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен ҰОК президенті Геннадий Головкин Самоделкинаны өнер көрсеткеннен кейін туған күнімен құттықтады.

    "Рақмет": Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.