jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Елге оралған қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовқа пәтердің кілті табысталды (фото)

    Ербол Хамитов
    Ербол Хамитов. Фото: ҚР Турзим және спорт министрлігі

    Бүгін түнде қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы әрі қола жүлдегері Ербол Хамитов елге оралды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Спортшыны елорда әуежайында жанкүйерлері, туған-туыстары және спорт саласының өкілдері қарсы алған.

    Ербол Хамитов пен ұлттық құраманың спортшыларын Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілі Бахыт Сапаров құттықтаған.

    "Бүгін еліміз үшін қуанышты күн. Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алып, оған қоса бір Паралимпиадада екі бірдей медаль еншіледік. Бұл нәтиже – ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі. Осы ойындарға ұлттық құрама 7 спортшымен 2 спорт түрінен қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтады. Спортшылардың әрқайсысы ел намысын абыроймен қорғады. Біз сіздермен мақтанамыз", - деді Ербол Мырзабосынов.

    Сондай-ақ министр бапкерлер құрамының еңбегін де атап өткен.

    Шара барысында Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталған.

    Ұлттық құрама спортшылары
    Ұлттық құрама спортшылары. Фото: ҚР Турзим және спорт министрлігі

    Спортшы да жанкүйерлеріне алғысын айтып, арман-мақсатқа адал болу керектігін жеткізген. Ол бұл жетістік алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтады.

    Айта кетейік, Милан-Кортина қысқы Паралимпиада ойындары Италияда 6-15 наурыз аралығында өтті. Оған 55 елден 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

    Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу жарысында мәреге бірінші болып жетіп, қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.

    Сондай-ақ ол пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.

    Спортшыны айтулы жетістігімен мемлекет басшысы құттықтады.

    Елге оралған қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовқа пәтердің кілті табысталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.