jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Илья Ильиннің басты қарсыласы Нуриддинов допингпен ұсталды

    : Twitter

    Халықаралық Олимпиада комитетінің тексерісі кезінде, 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан бес ауыр атлеттің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Допингпен ұсталған спортшылардың арасында өзбекстандық Руслан Нуриддинов те бар деп хабарлайды ТАСС -қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: xabar.uz
    Фото: xabar.uz: Twitter

    105 келіге дейін 2016 жылғы Рио Олимпиадасында алтын алған Руслан Нуриддинов комитеттің қайталап тексеруі кезінде допингпен ұсталды.

    Бұл тізімге енгендер қатарында: 105 келіге дейінгі Лондон Олимпиадасының чемпионы украиналық Алексей Торохтий, 56 келіге дейінгі 2012 жылдың қола жүлдегері әзірбайжандық Валентин Христов, белоруссиялық Николай Новиков және армениялық спортшы Мелине Далузян.

    IWF допинг сынамасы оң нәтиже берген ауыр атлеттер әзірге уақытша жарыстардан шеттетілген.

    Айта кетейік, Руслан Нуриддинов Илья Ильинмен бірнеше мәрте алтынға таласқан спортшылардың бірі.

    Соңғы кездері, ауыр атлетика айналасында орын алған толассыз допинг дауы спорттың бұл түріне өз залалын тигізуде. Тіпті Олимпиада ойындарына енгізбеу жайлы да сөз қозғалған. Десе де бұл мәселе әлі өз шешімін тапқан жоқ.

    Илья Ильиннің басты қарсыласы Нуриддинов допингпен ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.