jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыл games: Түркістандық жастар қой қырқып, асық атып, ләңгі тебуден жарысты (фото)

    : Facebook

    Түркістан облысы Созақ ауданының жастары қой қырқып, асық атып, ләңгі тебу бойынша сайысқа түсті. Ашық аспан астында, табиғат аясында өткізілген "Ауыл games" сайысында қыздар от жағып, самаурын қайнатып, шоқта табаға нан пісіріп, ешкі сауудан жарысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Мұндай айрықша байқауды Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып отыр.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original
    Олардың сөзінше, жарыс жастардың рухани уызға жарып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне үлкен себеп болады.
    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Тұрмыстық салт пен ойындарда біліктілігін сынаған сайыс тартысты өтті.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Ауылдық округтерден барлығы 11 команда қатысты.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Жастарға ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер баға берді.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original
    "Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп атағаны баршаға аян. Жастар жылында жастарымызды барынша қолдап, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында​ Түркістан облысы, Созақ ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Ауыл Games" сайысын ұйымдастырдық", - деді​ Созақ ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Жеңісәлі Бақытжанұлы.
    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Сайыс ләңгі тебу, асық ату, қой жүнін қырқу, ешкі сауу, самаурын қайнату, табаға нан пісіру бойынша өткізілді.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Ауылдың бір күндік тыныс тіршілігінен көрініс беретін шара күні бойы жалғасты.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Ұлттық ойындарда белсенділік танытып, көзге түскен қатысушылар мен​ орын алған командаларға​ Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

    фото: NUR.KZ
    фото: NUR.KZ: Original

    Ауыл games: Түркістандық жастар қой қырқып, асық атып, ләңгі тебуден жарысты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.