jitsu gif
Спорт

    Токио-2020: Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына ене алмады

    Велоспортшылар
    Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

    24 шілдеде Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

    Велошабандоздар додасында 234 шақырымды 6:05.26 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен Эквадор өкілі Ричард Карапас жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды.

    Ал күміс жүлдені бельгиялық Ван Арт Ваут алса, қола словениялық Тадей Погачарға бұйырып отыр.

    Қазақстандық велоспортшылардың ішінде ең жоғары нәтижені Алексей Луценко көрсетті. Ол жеңімпаздан 6 минут 21 секундқа артта қалып, 21-ші орынға ие болды.

    Дмитрий Груздев пен Вадим Пронский жарыс жолынан шығып қалды.

    Еске салсақ, бұған дейін әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасында жеңіліп қалғанын жазған едік.

    Сондай-ақ, дзюдошы Елдос Сметов қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шыққаны белгілі болып отыр.

    Одан бөлек, боксшы Серік Теміржанов қарсыласын екі рет нокдаунға жібергенін жазған болатынбыз.

    Сонымен қатар, Токиодағы Олимпиада ойындарында академиялық есуден іріктеу сыны басталып, Қазақстан командасының өкілі Владислав Яковлев іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтағанын жазғанбыз.

    Бүгін Токио Олимпиадасында еліміздің теннисшілері де түрлі нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.