Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Садақ атудан Қазақстан құрамасы командалық жарыста жеңіліп қалды

Опубликовано:

Садақ ату
Фото: olympic.kz

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада ойындарындағы командалық сайыста есе жіберді деп хабарлайды Olympic.kz.

26 шілде күні Токио Олимпиадасында еліміздің садақшылары ерлер арасындағы командалық сайыста бақ сынады. Үндістан құрамасына қарсы ойында Қазақстан қарсыластарынан 6:2 есебімен жеңіліс тапты.

Командалық бәсекеде еліміздің құрама сапынан жарыс жолына Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин шықты.

Аталмыш спортшылар жекелей сайыс бойынша жарысты жалғастырады. Садақ атудан жекелей сынның келесі айналымы 27 және 29 шілде күндері өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін Токиодағы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың қазақша стильдегі көйлегі әлем жанкүйерлерінің жоғары бағасына ие болғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Олимпиада ойындары өтіп жатқан Жапонияның Токио қаласына "Непартак" атты жойқын тайфун жақындап келетінін жазған едік.

Тайфун Жапонияның шығыс жағалауына келген уақытта жел толқындарды 6-8 метрге дейін көтеруі мүмкін, ал Жапония астанасында 100-ден 150 мм-ге дейін жауын-шашын түседі деп болжануда. Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті "Непартак" тайфунының жақындауына байланысты жарыс кестесі өзгертілуі мүмкін екенін хабарлады.

"Непартак" - 2021 жылы Тынық мұхитында пайда болған сегізінші тайфун.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923895-tokio-2020-sadaq-atudan-qazaqstan-quramasy-komandalyq-zarysta-zenilip-qaldy/

pixel