Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда туған спортшы Ресей құрамасында Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңді

Опубликовано:

Семсерлесу
Фото: sportbox.ru

Алматыда өмірге келіп, қазіргі уақытта Ресейдің намысын қорғайтын Софья Великая семсерлесуден Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды деп жазады Vesti.kz порталы.

Олимпиаданың финалында ол екінші бір ресейлік Софья Поздняковамен кездесіп, 11:15 есебімен жеңіліп қалды. 

Жалпы Ресей құрамасында он (екі алтын, бес күміс және үш қола) жүлде бар. 

Еске сала кетсек, Токиодағы Олимпиада ұйымдастырушылары жүлдегерлерге марапаттау рәсімінде суретке түсу үшін 30 секундқа маскаларын шешуге рұқсат бергенін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың кестесін назарларыңызға ұсынамыз:

Садақ ату, ерлер:

Денис Ганькин - Юссоф Толба (Египет)

Басталуы: 09:00

Дзюдо, ерлер:

81 келі, Дидар Хамза - Саид Моллаи (Моңғолия)

Басталуы: 9:25

Теннис, ерлер:

Михаил Кукушкин - Илья Ивашка (Беларусь)

Басталуы: 9:30

Таеквондо, ерлер:

Руслан Жапаров (+81 келі) - Александр Бахманн (Германия)

Басталуы: 9:45

Теннис, әйелдер:

Елена Рыбакина - Донна Векич (Хорватя)

Басталуы: 11:00

Бокс, ерлер:

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) - Деланте Джонсон (АҚШ)

Басталуы: 14:15

Василий Левит (91 келі) - Эммануэль Рейес (Испания)

Басталуы: 15:51

Жүзу, 200 метр, брасс:

Дмитрий Баландин

Басталуы: 16:53

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924099-almatyda-tugan-sportsy-resei-quramasynda-olimpiadanyn-kumis-zuldesin-zendi/

pixel